15 ақпан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрилә Бектемірованың 75 жасқа толуына орай «Жан дүниенің жарқын әлемі» атты кездесу кеші өтті.
Шара барысында Нұрилә Бектемірованың өмірі жайлы «Шығармашылықтың дара жолы» атты бейнеролик таныстырылды.
Шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, журналист,Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, Көксу аудандық әкімі аппаратының жетекшісі Жанар Кубеева мен Еңбек ардагері, ұстаз Аңсабала Балабекова және Жетісулық ақын-жазушылар қатыстып, жылы лебіздерін білдірді.
Шарада Нұрилә Бектемірованың «Өмірдің өзгермейтін жұмбағы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағыны...
|